18.08.2010, 15:26 3854

ҚР премьері онкүндік мерзім ішінде құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов онкүндік мерзім ішінде құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. К. Мәсімов бүгін өткен кеңес барысында осылай деді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - тамыз. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов онкүндік мерзім ішінде құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. К. Мәсімов бүгін өткен кеңес барысында осылай деді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Елбасының тапсырмасына сәйкес Үкімет Президент Икімшілігімен және Қауіпсіздік кеңесімен бірлесіп, Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бір айдың ішінде бекітуі керек", деп хабарлады К.Мәсімов

"Мен жарлықта "бір ай ішінде" деп айтылғанымен бұл мәселені ұзаққа созбауды ұсынамын, жалпы президент 2011 жылдың 1-қаңтарында қабылданған заңнама тұрғысынан сөйлеуімізді тапсырды. Бір ай дегенде - қазан айы болады, біз парламентте үлгермей қаламыз, сондықтан онкүндік мерзім ішінде бекіту керек",- деп түсіндіріп өтті.

Осыған байланысты премьер "құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдар президент әкімшілігімен бірлесе отырып іс-шаралар жоспарын әзірлеуге кірісуді" тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны