17.01.2008, 18:56 2776

ҚР премьері ТЖМ төтенше жағдайлар саласындағы мәселелерді шешу үшін үкіметке ұсыныс жасауды тапсырды

ҚР премьері ТЖМ төтенше жағдайлар саласындағы мәселелерді шешу үшін үкіметке ұсыныс жасауды тапсырды

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінде өткен алқа мәжілісінде министрлікке төтенше жағдайлар саласындағы мәселелерді нақты шешу үшін ұсыныстарын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Төтенше жағдайларды жоюға арналған бағалы материалдарды шұғыл шығаруын жолға қою, Ақмола, Алматы, Батыс-Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматыда медициналық апаттардың орталығын құру жөнінде нақты ұсыныстарды үкіметке тапсыру қажет", - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

Сондай-ақ, ол министрлікке "басқа мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, сел-көшкіндерінен қорғайтын дуалдардың құрылысын жасау, өзендердің жағаларын бекіту қорғандарын орнату, өзен арналарын тұрақтандыру және тағы да басқа инженерлік жұмыстарға байланысты ұсыныстарыңызды жасаңыздар", деп тапсырды. "Бірінші кезекте Сырдария бойынша жұмыстарды аяқтау керек", - деп атап өтті премьер-министр.

Ұсыныстар көбінесе, "ғылыми зерттеулер жүйесін дамытуға, төтенше жағдайларды анықтау және алдын алу, шалғайда жатқан елді мекендерді, орман және даланы өрттен қорғау шараларына қатысты болу керек", - деп қорытындылады К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны