29.01.2014, 19:40 11042

ҚР Премьер-Министрі Ақтөбеде агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Премьер-Министр ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, аймақтың жалпы өніміндегі ШОБ үлесінің өсімі үшін жағдайлар жасау, аграрлық секторда жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Ақтөбеде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов аймақтық агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Кеңесте Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев, облыс әкімі А.Мұхамбетов сөйледі.

Кеңесті қортындылай келіп, Премьер-Министр "облыстың Мемлекет басшысының Жолдауда алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндігі барлығын" атап көрсетті.

"ҮИИД бағдарламасы мейлінше табысты жүзеге асырылуда, сондай-ақ аймақ ауыл шаруашылығын дамыту үшін зор әлеуетке ие",-деп сөзін толықтырды С.Ахметов.

Премьер-Министрдің айтуынша, "барлық агломерацияларды дамытуға, оны дамытудың әрбір бағыттарына жүйелі түрде, қадамдап келу керек".

"Бұның барлық агломерациялар үшін бірыңғай көлік, энергетика жүйесін құруға және ядро қалалар үшін де, сондай-ақ ол ықпал ететін елді-мекендер аумақтарына салалық мамандандырулар артықшылықтарын анықтауға қатысы бар",-деді Үкімет басшысы.

Нақты Ақтөбе агломерациясын дамытуға қатысты, С.Ахметов "облыс орталығын халықаралық деңгейге сәйкес, тиісті параметрлермен белгіленген агломерация ретінде қалыптастыруға" назар аударды. Бұл, Премьер-Министрдің ойынша, "аймақтың тиімді географиялық орналасуы мен табиғи байлығын, таяу және алыс шет елдермен дұрыс экономикалық байланыс орнатылғанын есепке алғанда аса маңызды".

Кеңес барысында сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қаралды.

Премьер-Министр ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, аймақтың жалпы өніміндегі ШОБ үлесінің өсімі үшін жағдайлар жасау, аграрлық секторда жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны