26.04.2007, 11:59 3360

ҚР премьер-министрі Алматы және Алматы облысының әкімдеріне жер телімдерін сатуды айырықша өкім қабылданғанға дейін тоқтатуды тапсырды

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматы және Алматы облысының әкімдеріне жер телімдерін сатуды айырықша өкім қабылданғанға дейін тоқтатуды тапсырды. Мұндай ұсынысын К.Мәсімов сейсенбіде өткен Алматыны дамытудың 2020 жылға дейінгі Бас жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. "Алматы қаласының әкімі мен Алматы облысының әкіміне айырықша өкім қабылданғанға дейін жер телімдерін сатуды тоқтатуды тапсырамын",- деп мәлім етті.

АЛМАТЫ. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматы және Алматы облысының әкімдеріне жер телімдерін сатуды айырықша өкім қабылданғанға дейін тоқтатуды тапсырды. Мұндай ұсынысын К.Мәсімов сейсенбіде өткен Алматыны дамытудың 2020 жылға дейінгі Бас жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алматы қаласының әкімі мен Алматы облысының әкіміне айырықша өкім қабылданғанға дейін жер телімдерін сатуды тоқтатуды тапсырамын",- деп мәлім етті. "Прокуратура бұл жер телімдерінің соңғы кездері қалай және қандай ақшаға берілгендігін тексерулері қажет. Мен тексеру қорытындысы бойынша елбасына аталмыш мәселе жөнінде хат жолдаймын",- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының премьер-министрі.

"Бірқатар компаниялардың жер телімдерін кадастрлық бағамен сатып алып, артынша нарық бағасымен сататындығы ешкімге жасырын емес",- деді К. Мәсімов. Осыған байланысты үкімет басшысы "Алматы мен Алматы облысындағы болашақта құрылыс салу мүмкіндігі бар барлық коммерциялық жерлерді жуықта құрылған "Жетісу" арнаулы кәсіпкерлік корпорациясына" беруді тапсырды. "Аталмыш арнаулы кәсіпкерлік корпорация ақша тауып, оларды инфрақұрылымдық нысандарға, жылуға, жарыққа, инфрақұрылымдарды дамытуға жібереді",- деп түсіндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны