24.12.2012, 16:55 3548

ҚР премьер-министрі "Астана-Щучинск" автожолындағы төлем жасайтын бекеттердің бірінде болды

Жүйені 2013 жылдың бірінші тоқсанында өндірістік пайдалануға жіберу жоспарланып отыр. Оған дейін автожолмен жүру тегін болады. Жуық арада көлік тығыздығын анықтау үшін тестілік тәртіпте көлік құралдары қозғалысына мониторинг жүргізіліп, жол ақысы есебін жүргізу ретке келтірілетін болады.

Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов "Астана-Щучинск" автожолындағы төлем жасайтын бекеттердің бірінде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев жүйенің тестілік тәртіпте іске қосылуға дайындығы туралы баяндады.

Жүйені 2013 жылдың бірінші тоқсанында өндірістік пайдалануға жіберу жоспарланып отыр. Оған дейін автожолмен жүру тегін болады. Жуық арада көлік тығыздығын анықтау үшін тестілік тәртіпте көлік құралдары қозғалысына мониторинг жүргізіліп, жол ақысы есебін жүргізу ретке келтірілетін болады.

Ақылы автожол жүйесін енгізу республикалық бюджетке түсетін салмақты азайтып, есесіне одан босаған қаржыны басқа өңірлердегі жолдарды жөндеу мен жаңа жолдар салуға пайдалануға мүмкіндік береді. Атап өтерлігі, жоғарғы жылдамдыққа пайдаланылатын автожолдар оны ұстау мен жолдар қабаттарын жөндеп отыруға қатысты шығынды көп талап етеді.

ҚР ККМ болжамы бойынша, 2013 жылы "Астана-Щучинск" автожолына ағымдағы жөндеу жүргізу мен оны ұстап тұру үшін 1 млрд. 320 млн. теңге қажет. Өткен 2011-2012 жылдары ол шығын 1 млрд. 200 млн. теңгені құраған болатын.

Осы аумақтағы көлік қозғалысы қарқыны мен жолды ұстау шығыны есепке алына отырып, ақылы магистралда жүрудің алдын-ала тарифы анықталды. Жеңіл көлік үшін 1 шақырымға орташа есеппен 1теңге, автобустарға 5-10, ал жүк көліктері үшін 5-20 теңге көлемінде белгілеу жоспарланған.

Еске алатын жай, осы жол бойында жүргізушілерге оңтайлы болуы үшін төлемнің қоспалы жүйесі енгізіліп отыр. Ақылы автожолға түскен кезде ол көлік автоматты түрде белгіленеді де, қозғалыс барысында өткен аумақ- бекеттердің саны есептеліп, ақылы жолдан шығар тұста автокөліктің көлемі мен тиісінше төлем көлемі анықталады. Төлемді Астана және Щучинск қалаларының маңындағы бақылау бекеттерінде жасауға болады.

Жолдың бақылау бекеттері арасындағы үзіктерді пайдаланған жүргізушілер үшін төлем осы аралықтағы 5 аудан шекарасындағы бақылау нүктелерінде атқарылады. Төлемді көлік құралы тіркелген жерге жіберілген есепшотпен немесе арақашықтық тәсілмен арнайы радио-белгі құралдары көмегімен төлеуге болады.

Еске сала кетейік, 224 шақырымға созылатын "Астана-Щучинск" тасжолы 2009 жылы 1-ші категориялы 6 жолақты қозғалысқа арналып, қайта салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны