21.07.2017, 22:01 3887

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев СҚО-да су тасқыны қауіптерін ескерту мәселелерін қарады

СҚО Заречный ауылыныӊ тұрғындарымен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы және жауапты мемлекеттік органдардыӊ қатысуымен облыста су тасқыны қауіптеріне жол бермеу бойынша қабылдануы тиісті шараларды талқылады.

Петропавловск. 21 шілде. Kazakhstan Today -СҚО Заречный ауылыныӊ тұрғындарымен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы және жауапты мемлекеттік органдардыӊ қатысуымен облыста су тасқыны қауіптеріне жол бермеу бойынша қабылдануы тиісті шараларды талқылады.

Президент Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасымен, Үкімет елді мекендердегі су басудыӊ алдын алу мен оны ескерту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Қ. Ақсақаловтыӊ, ҚР ішкі істер министрініӊ орынбасары Ю. Ильинніӊ, ҚР АШМ Су ресурстары комитетініӊ төрағасы И. Ибішовтыӊ баяндамаларын тыӊдады.

Кездесу барысында Петропавл әкімі М. Тасмағанбетов, Қызылжар және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандардыӊ әкімдері Б. Жұмабеков пен В. Дудов, сонымен қатар Заречный ауылы мен облыс орталығыныӊ тұрғындары И. Брюхова мен Қ. Құрымбаев сөз сөйледі.

Аталған мәселені қарау нәтижесінде су тасқыны қауіптерініӊ алдын алу мен оларды ескерту бойынша нақты шаралар қалыптастырылды. Облыста Петропавл қаласыныӊ Кожевенный ауылындағы қорғаныс бөгеті қайта жөнделеді. Бұдан өзге, "Горькое көлі" мен "Биотоған" су жинауыш тоғандарыныӊ бөгеттері жөнделеді, Қамыстысай, Есіл, Сілеті өзендерініӊ арналары тазартылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны