13.09.2016, 19:56 3696

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев министрлерге шетелге сапармен шығуға тыйым салды

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ Жарлықтарымен Үкіметтіӊ жаӊа құрамын бекітті. Көріп отырғандарыӊыздай, көп кадрлық өзгерістер болған жоқ. Мұны Елбасыныӊ біздіӊ бәрімізге көрсеткен үлкен сенімі деп қабылдауымыз керек. Сондықтан, Үкімет мүшелерініӊ атынан, өзімніӊ атымнан көрсетіп отырған қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтқым келеді", деді Б. Сағынтаев.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үкімет құрамыныӊ көп өзгермеуі Елбасыныӊ бізге зор сенімін білдіреді. Бүгін жаӊа жасақталған ҚР Үкіметініӊ алғашқы отырысын өткізген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ Жарлықтарымен Үкіметтіӊ жаӊа құрамын бекітті. Көріп отырғандарыӊыздай, көп кадрлық өзгерістер болған жоқ. Мұны Елбасыныӊ біздіӊ бәрімізге көрсеткен үлкен сенімі деп қабылдауымыз керек. Сондықтан, Үкімет мүшелерініӊ атынан, өзімніӊ атымнан көрсетіп отырған қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтқым келеді", деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Үкіметтіӊ жаӊа мүшелерін де таныстырып өтті. Атап айтқанда, Елбасы Жарлығымен Премьер-Министрдіӊ Бірінші орынбасары болып тағайындалған Асқар Мамин мен Иманғали Тасмағамбетов. "Иманғали Тасмағамбетовты елге таныстырып жату артық. Мемлекеттіӊ еӊ маӊызды салаларында қызмет атқарып келе жатқан аса тәжірибелі тұлға. Елбасыныӊ үлкен сеніміне ие мықты ұйымдастырушы, іскер басшы", дей келе, жаӊа қызмет иелерін құттықтады. Сонымен қатар, Үкімет басшысы жаӊадан Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылғанын, оныӊ басшылығына Нұрлан Ермекбаев тағайындалғанын атап өтті. Бұдан бөлек, Бақытжан Сағынтаев Сәкен Жасұзақов Қорғаныс министрі, Марат Бекетаев Иділет министрі болғанын айтып, олардыӊ жұмысына сәттілік тіледі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Президентіне тікелей бағынатын орган болып құрылғанын атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев министрлерге жылдыӊ соӊына дейін шет мемлекеттерге сапар жасауды тоқтата тұруды тапсырды.

"Президенттіӊ бізге берген тапсырмасы анық әрі нақты. Оныӊ барлығы белгіленген мерзімде және сапалы орындалуы тиіс. Сондықтан біздіӊ бәрімізді де қауырт жұмыс күтіп тұр. Елбасымен бірге болатын сапарлар болмаса, бүкіл шетелдік сапарларды жылдыӊ соӊына дейін тоқтата тұру керек. Аса бір қажеттілік туындай қалса, онда меніӊ жеке өкімім бойынша шығасыздар. Еліміздіӊ өӊірлеріне жұмыс сапарларыӊызды да келісім бойынша жасайсыздар", - деді Б. Сағынтаев бүгін алғаш рет Үкімет отырысын өткізу барысында.

"Сіздерге Үкімет басшылығы тарапынан қандай шешімдер керек, тез арада анықтап, ұсыныстарыӊызды енгізіӊіздер. Тағыда бір мәселе, біз қабылдаған шешімдердіӊ барлығы қарапайым xалыққа түсінікті әрі жеӊіл болуы тиіс. Біздіӊ кез келген шешімдеріміз жұртшылыққа дер уақытында жетіп, мақсат-міндеттер мен оларды шешудіӊ жолдарын үнемі түсіндіріп отыру керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны