04.08.2017, 19:14 3840

ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Бақытжан Сағынтаев сүт фермасын аралау кезiнде кәсiпорынныӊ өндiрiстiк үдерiстерiмен және дайын өнiмдер көрмесiмен танысты. ҚР Премьер-Министрiне мұнда өндiрiстiк қуаттылықты 2 есеге дейiн ұлғайту және сауын табынын 2 400 басқа дейiн жеткiзу көзделiп отырғаны туралы ақпарат берiлдi.

Көкшетау. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда "Қазақстанныӊ үшiншi жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" Жолдауы мен Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласындағы мiндеттердi iске асыру барысымен танысады.

Өӊiрге барған Бақытжан Сағынтаев бiрiншi кезекте "Есiл Агро" ЖШС сүт-тауар фермасы мен егiс алқаптарын аралады, онда ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiӊ технологиялық ерекшелiктерiмен және кәсiпорынды одан әрi дамыту келешегiмен танысты.

Бақытжан Сағынтаев сүт фермасын аралау кезiнде кәсiпорынныӊ өндiрiстiк үдерiстерiмен және дайын өнiмдер көрмесiмен танысты. ҚР Премьер-Министрiне мұнда өндiрiстiк қуаттылықты 2 есеге дейiн ұлғайту және сауын табынын 2 400 басқа дейiн жеткiзу көзделiп отырғаны туралы ақпарат берiлдi.

Бұдан кейiн Бақытжан Сағынтаев "Есiл Агро" ЖШС егiстiгiнде болды, онда Ақмола облысыныӊ ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Мұрат Балпанныӊ егiн жағдайы туралы баяндамасын тыӊдады.

Айта кету керек, ҚР Президентi Н. Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшiншi жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" Жолдауына сәйкес осындай кәсiпорындарды ашу елiмiзде экономикалық өсiмнiӊ жаӊа моделiн қалыптасыру кезiнде маӊызды бағыттардыӊ бiрiне айналуы тиiс. Осыған орай, бүгiнгi күнi АӨК дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында отандық ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне кешендiк қолдау көрсетiлiп жатыр. Онда жеӊiлдiкпен несиелендiру мен қолдау көрсетудiӊ өзге де тетiктерi қарастырылған.

Бүгiн ҚР Премьер-Министрi өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарыныӊ, спорт және туристiк инфрақұрылым нысандарыныӊ жұмысымен танысады, олардыӊ iшiнде "Есiл-Агро" ЖШС, "Тыныс" АҚ, Щучинск қаласыныӊ шаӊғы спортыныӊ республикалық базасы, сондай-ақ Бурабай ауылыныӊ туристiк нысандары бар.

Бақытжан Сағынтаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелерi жөнiнде кеӊес, "Атамекен" Кәсiпкерлер палатасыныӊ өӊiрлiк кеӊесiнiӊ мүшелерiмен ШОБ-тi дамыту мәселелерi бойынша кездесу, сондай-ақ Өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасы мен "Cерпiн" әлеуметтiк жобасын iске асыру туралы кеӊес өткiзедi деп күтiлуде.

Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласыныӊ Жұмыспен қамту орталығыныӊ жұмысымен және "Щучинск - Бурабай" автожолын жөндеу сапасымен танысады.

Анықтама:

Өӊiрде "Қазақстан жауһары" аталып кеткен Бурабай ұлттық саябағы бар, онда 14 iрi көл, оныӊ iшiнде Бурабай, Шортанды, Қотыркөл және көптеген ұсақ көлдер орналасқан. Бурабай фаунасында омыртқалылардыӊ 300-ге жуық түрi, флорасында - орман, дала, сортаӊ өсiмдiктерiнiӊ 800-ге жуық түрi бар. Мұнда сондай-ақ көптеген шипажайлар мен балшықпен емдейтiн орындар орналасқан.

Ақмола облысыныӊ iрi және жүйе құраушы кәсiпорындары "Altyntau Kokshetau" АҚ, "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, "ЕПК-Степногорск" АҚ, "Қазақалтын" ТМК" АҚ және "СГХК" ЖШС болып табылады. Индустрияландыру картасы аясында облыста 623,3 млрд теӊге инвестиция көлемiмен 17 жобаны iске асыру жалғасуда. 2017 жылы ИИДМБ аясында олардыӊ құны 95,4 млрд теӊге болатын 1 119 жұмыс орнын құрумен 7 жобасын енгiзу жоспарланған.

"Есiл Агро" ЖШС кәсiпорны 2009 жылы ашылған және қазiргi таӊда мұнда сүт беру бағытында - 1 609 iрi қара мал мен ет беру бағытында - 387 мал басы бар. Бұдан өзге, мұнда 87 000 га а/ш алқабы бар, соныӊ iшiнде егiстiк жер - 41 366 га және табиғи жайылым жерi - 45 634 га. Олардыӊ орташа өнiмдiлiгi бiр гектардан 15 центнердi құрайды, олардыӊ қатарында дәндi-бұршақты дақылдар 22 500 тонна, майлы дақылдар - 2 500 тонна.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны