07.03.2013, 15:27 2967

ҚР премьер-министрі Беларусь Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Валерий Брылевті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан - Беларусь екіжақты қарым-қатынасын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. "Біздің елдеріміздің арасындағы тығыз экономикалық қатынас жолға қойылды",- дей келе, С.Ахметов "толығымен жүзеге асырылмай отырған" өзара іс-қимылдың әлеуеті де зор екенін атап өтті.

Астана. 7-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Валерий Брылевті біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан - Беларусь екіжақты қарым-қатынасын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. "Біздің елдеріміздің арасындағы тығыз экономикалық қатынас жолға қойылды",- дей келе, С.Ахметов "толығымен жүзеге асырылмай отырған" өзара іс-қимылдың әлеуеті де зор екенін атап өтті.

Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктердің бар екенін айтқан Үкімет Басшысы "машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс, туристік салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге" де тоқталды.

В.Брылев өз кезегінде экономикалық, білім беру, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны