22.02.2008, 19:43 7130

ҚР премьер-министрі "Богатырь" көмір разрезінің жұмысымен танысты

ҚР премьер-министрі "Богатырь" көмір разрезінің жұмысымен танысты

Павлодар. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Богатырь" көмір разрезінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Богатырь" кеңжарында премьер-министрді "Самұрық" Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев пен "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС Бас директоры Сергей Опанасенко және "Русал" компаниясының өкілдері қарсы алды.

"Богатырь Аксес Көмір" ЖСШ Бас директоры Сергей Панасенко үкімет басшысына кәсіпорында енгізіліп отырған жаңа технологиялар туралы әңгімелеп берді. 2007 жылы "Богатырьда" өндірілген көмір көлемі 38,1 миллион тоннаны құраған.

Бүгін үкімет басшысы 250 метр тереңдікке түсіп, СРСК-2000 роторлық эксковаторының үстіне көтерілді.

"Богатырь" бірлескен разрезінің құрамында кен қазатын екі кешен жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы жылына 42 млн тонна көмір өндіретін "Богатырский" және "Северный" кешендері. Өндіру көлемі жөнінен "Богатырь" разрезі дүниежүзіндегі ең ірілердің бірі болып саналады және Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Компания өндіріп отырған көмірмен Қазақстанның 9 электр станциясы мен өнеркәсіп орындары және Ресейдің 6 электр станциясы жұмыс істейді. Энергия жүйесін тұтынушылардың ішіндегі негізгілері: РАО " Ресей ЕЭС ", Екібастұздағы ГРЭС-1, ГРЭС-2, Алматы ЖЭО-тары, Қарағанды ЖЭО-3, Ақмола ЖЭО-2 және Петропавл ЖЭО-2. Екібастұз көмір кен орнының геологиялық жалпы қоры 12 млрд-тан астам тоннаны құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны