29.05.2015, 10:47 3905

ҚР Премьер-Министрі Бурабайда алдағы ТМД ҮБК мен Еуразиялық ҮАК отырыстары ауқымында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Бүгін Ақмола облысыныӊ Бурабай кентінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов алдағы ТМД Үкімет басшылары кеӊесі мен Еуразиялық Үкіметаралық кеӊес отырыстары ауқымында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Ақмола облысыныӊ Бурабай кентінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов алдағы ТМД Үкімет басшылары кеӊесі мен Еуразиялық Үкіметаралық кеӊес отырыстары ауқымында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Беларусь Премьер-Министрі Андрей Кобяковпен әӊгімеде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтасты дамытудыӊ өзекті мәселелері, сондай-ақ ықпалдастық бірлестіктері ауқымындағы өзара іс-қимылдыӊ қырлары талқыланды", - делінген ҚР Премьер-Министрініӊ сайтында бейсенбі күні орналастырылған хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ресей Үкіметініӊ Төрағасы Дмитрий Медведевпен келіссөздерде сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мен тереӊдетудіӊ кеӊ ауқымды мәселелері қаралды, соныӊ ішінде экономиканыӊ басымдықты салаларындағы нақты жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ ТМД және ЕАЭО ауқымындағы ықпалдастық үдерістерініӊ ағымдағы жай-күйі жөнінде пікір алысылды.

Молдова Премьер-Министрі Кирилл Габуричпен кездесуде экономиканыӊ әртүрлі салаларындағы қазақстан-молдова қатынастарын жандандыру келешегі талқыланды. Тараптар іскерлік әріптестікті тереӊдету үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.

Осы тақырып Қырғызстан Үкіметініӊ басшысы Темір Сариевпен келіссөздер барысында да жалғастырылды. Иӊгімелесушілер экономиканыӊ басымдықты салаларындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеӊейту жайын талқылады, Қырғызстаннныӊ ЕАЭО-ға кіруіне байланысты олардыӊ келешегін атап өтті.

Кәрім Мәсімов сондай-ақ ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен кездесу өткізді, оныӊ барысында Достастық қызметініӊ өзекті мәселелері жөнінде пікір алысылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны