26.12.2012, 19:05 3263

ҚР премьер-министрі "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге дайындық жөнінде мәжіліс өткізді

Мәжіліс барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 6 желтоқсандағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында айтқан тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы қарастырылды.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалық етуімен "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге дайындық жөнінде мәжіліс өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжіліс барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 6 желтоқсандағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында айтқан тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы қарастырылды.

Мәжіліске қатысушылар "ЭКСПО-2017" көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық жоспар жобасының 2013-2018 жылдарға арналған негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, көрменің Тіркеу ісінің жобасын әзірлеу, Халықаралық көрме бюросының кеңсесімен өзара әрекеттестік, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация құру және оның атқаратын жұмысы туралы мәселелер қаралды.

Мәжіліс соңында Премьер-Министр уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны