19.03.2013, 16:41 3226

ҚР Премьер-Министрі "электрондық үкіметті" және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Көлік және коммуникациялар министрі А.Жұмағалиев, білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов, ішкі істер министрі Қ.Қасымов "Ақпараттық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "электрондық үкіметті" дамыту және "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы мәселелері қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көлік және коммуникациялар министрі А.Жұмағалиев, білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов, ішкі істер министрі Қ.Қасымов "Ақпараттық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады.

Мемлекеттік органдар басшыларының хабарлауынша, "е-үкімет" инфрақұрылымы аясында халыққа "электрондық үкімет" порталында (ЭҮП) 90 электрондық қызмет көрсетіледі, онда 21 түрлі мемлекеттік алым, 17 түрлі мемлекеттік баж салығы, 4 түрлі салық төлемдері, 3 түрлі коммуналдық қызмет, сондай-ақ жол қозғалысы тәртібін бұзғандығы үшін айыппұл төлемдері жүзеге асырылады.

2012 жылы ЭҮП арқылы 10,7 млн.-нан астам электрондық анықтама беріліп, тіркелген пайдаланушылар саны 230 мың адамға жетті. "Электрондық үкімет" порталына күніне 30 мыңға жуық адам хабарласады.

Бүгінгі күнге әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша барлық іс-шаралардың жоспарлары дайындалып, бекітілді. Оларды электрондық форматқа көшіргеннен кейін 40 миллионнан астам қағаз құжаттарды айналымнан алып тастау болжанып отыр.

Отырыста сондай-ақ денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова сөйлеп, "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының 2012 жылғы орындалу қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады.

Талқылау қортындысы бойынша, С.Ахметов уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Премьер-Министр "үстіміздегі жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызды қызметтерді 100% электрондық форматқа көшіру, сондай-ақ рұқсаттамалық құжаттарды автоматтандыру бойынша жұмыстарды жандандыру және "е-Iearning" электронды оқу жобасын жалғастыруды" тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны