20.03.2013, 15:03 3253

ҚР премьер-министрі ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Т.Мансұровты қабылдады

Кездесу барысында тараптар ЕурАзЭҚ аясында интеграцияны дамыту мәселелерін қарады.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - 19 наурызда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында тараптар ЕурАзЭҚ аясында интеграцияны дамыту мәселелерін қарады.

Т.Мансұров ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын жүзеге асыру, әлеуметтік-гуманитарлық саладағы көп жоспарлы жұмысы туралы, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қоры мен 2013 жылы құрылған ЕурАзЭҚ-тың жоғары технологиялар Орталығы венчурлық компаниясының қызметтері туралы хабарлады.

Жоғары технологиялар Орталығының жарғылық қоры 90 млн. рубль сомасында анықталып, Қазақстан Республикасының технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі, Ресейлік венчурлық компаниясы мен Беларусь инновациялық қоры оның құрылтайшылары болды.

Үкімет басшысы интеграцияны одан әрі дамытуда ЕурАзЭҚ құрылымдарының тиімді қызметін қамтамасыз ету қажеттігіне және үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында өтетін ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер үкімет басшыларының отырысына дайындық мәселесіне назар аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны