01.03.2013, 17:33 3022

ҚР премьер-министрі Францияның сыртқы істер министрі Л.Фабиуспен кездесу өткізді

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда екі жақты қазақстандық-француздық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның Премьер-Министрі Серік Ахметов Францияның сыртқы істер министрі Лоран Фабиустың басшылығымен келген бизнес делегациямен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда екі жақты қазақстандық-француздық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Францияны "Еуропаның маңызды саяси және экономикалық серіктесі" деп атап кетіп, С.Ахметов "барлық салалар мен деңгейлерде диалогты дамытуға қызығушылық танытатынын" айтты.

Сұхбатшылар мұнай-газ, құрылыс, энергетикалық салада, көлік, инвестициялық қызмет саласындағы серіктестік барынша сәтті дамып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Францияның СІМ басшысы екі жақты серіктестіктің өзекті тақырыптарын сындарлы талқылау үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.

Өз алдына С.Ахметов Франциямен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі сәтті дамытудағы сенімділігін білдірді.

"Мұндай кездесулер қарым-қатынасымызды одан әрі кеңейтетініне сенімдімін. Біздің тараптардың арасында экономикалық серіктестіктің барлық салаларында диалог қалыптасқан және оны дамыту потенциалы өте үлкен", - деп атап өтті Премьер-Министр.

Қазақстан тарапынан кездесуге орталық атқарушы органдардың, ал Франция тарапынан "Тоталь", "Альстом", "Еврокоптер", "Талес Энтернасьональ" және т.б. компаниялардың жетекшілері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны