24.10.2012, 12:03 3217

ҚР Премьер-министрі Германияға жұмыс сапарымен барады

Жұмыс бағдарламасының аясында ҚР Премьер-Министрінің Германия жоғары деңгейдегі басшылығымен, атап айтқанда, Федералды канцлер Ангела Меркельмен, вице-канцлер - экономика және технологиялар министрі Филипп Рёслермен кездесулері жоспарланған. Кедесуде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар, экономиканы жаңғырту және Қазақстанды индустрияландыруға қатысты кең ауқымдағы мәселелер талқыланады.

Астана. 24-қазан. Kazakhstan Today - 24-25 қазан аралығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Германия Федеративтік Республикасында жұмыс сапарымен болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жұмыс бағдарламасының аясында ҚР Премьер-Министрінің Германия жоғары деңгейдегі басшылығымен, атап айтқанда, Федералды канцлер Ангела Меркельмен, вице-канцлер - экономика және технологиялар министрі Филипп Рёслермен кездесулері жоспарланған. Кедесуде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар, экономиканы жаңғырту және Қазақстанды индустрияландыруға қатысты кең ауқымдағы мәселелер талқыланады.

Сапар бағдарламасына индустриалды сектор, инвестициялық және қаржылық салалар бойынша қазақ-герман ынтымақтастығының мәселелері талқыланатын Германия іскер топ өкілдерімен кездесу енгізілген.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордеспен кездесіп, осы ұйымның 60 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны