04.03.2008, 12:25 1265

ҚР премьер-министрі ірі үш электр станциясының құрылысын салу мәселесін қарастыруды тапсырды

ҚР премьер-министрі ірі үш электр станциясының құрылысын салу мәселесін қарастыруды тапсырды

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Балхаш ТЭС, Екібастұз ГРЭС үшінші блогы және Мойнақ ГЭС сияқты ірі үш электр станциясының құрылысын салу мәселесін қарастыруды тапсырды. Мұндай тапсырманы ол бүгін өткен үкімет отырысында берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл станциялардың бәрі салынуы керек. Басқа амал бізде жоқ, өйткені биылғы қыс, оңтүстікте электр қуатының үлкен тапшылығын көрсетті ", - деді К. Мәсімов.

"Самұрық" басқармасының төрағасы Қанат Бозымбаев айтқанындай, Балхаш ТЭС бірінші модулінің құрылысы 2008 - 2013 жылдарға дейін созылады деп топшылануда. Бұл құрылыстың құны $2,5 млрд және қуаттылығы 660 МВт құрайды.

Ал қуаттылығы 660 МВт болатын екінші модульдің құрылыс мерзімі 2011 - 2016 жылдары жүргізіліп оған 2 млрд доллар жұмсалады. Ақшаны өтеу мерзімі 28 жыл деп болжануда. "Балхаш ТЭС шығаратын жылдық электр қуатының көлемі 7 % құраса, 2016 жылы өндірілетін барлық электр қуаты 12 % жетеді", деп түсіндірді ол.

Қ. Бозымбаев атап өткеніндей, "Балхаш ТЭС құрылысының жері өте ыңғайлы әрі тиімді орналасқан". "Осы ауданда Астана-Шу шойын жолы мен Алматы -Астана көлік жолдары өтеді. Бұл жер учаскесі 1980-1990 жылдары оңтүстік-қазақстан ГРЭС құрылыс жоспарын салу үшін бір бөлігі игерілген болатын ", - деді ол.

"Самұрық" басшысының айтуынша, Балхаш ТЭС отын ретінде көмірді пайдалану көзделуде. "Көмірді таңдау кезінде жұмыс істеп жатқан және тиімді көмір кен орындары қарастырылып, олардың қорларына салыстырмалы сараптама жүргізіліп, экономикалық бағалары берілді. Соның нәтижесінде Екібастұз көмірі таңдалып алынды", - деп түсіндірді ол.

Қ. Бозымбаев атап өткеніндей, мердігерлер бола алатын АҚШ, Түркия, Греция, Корея елдері компанияларымен алдын ала келіссөздер жүргізілді. "Барлық компаниялар бұл жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты ", - деді ол.

Оның сөздері бойынша, бұл жобада мемлекеттің үлесі 25-50 % құрауы мүмкін. "Бұл $1 млрд 125 млн құрайтын болады, ал станция өндіретін бір кВт сағаттың орташа құны 8 теңгені құрайды ", - деді Қ. Бозымбаев.

Оның сөздері бойынша Екібастұз ГРЭС-нің үшінші блогының құрылысы 2008 - 2012 жылдарға жоспарланған. Оның бағаланған құны $602 млн және қаржы қайтару уақыты 13 жыл.

Қуаттылығы 300 МВт болатын Мойнақ ГЭС құрылысы 2006 - 2011 жылдар аралығында салынады. Инвестиция көлемі $340 млн құрайды, өзін өз ақтау уақыты - 25 жылға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны