29.07.2015, 16:54 3454

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов ХОК-ніӊ 128-ші сессиясы қарсаӊында халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті

Естеріӊізге салсақ, 31 шілдеде Малайзия астанасында Халықаралық олимпиада комитеті өзініӊ кезекті сессиясында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қаланы анықтайды. Олимпиада өткізуге Алматы және Пекин үміткер

Астана. 29 Шілде. Kazakhstan Today - Куала-Лумпурда Халықаралық олимпиада комитетініӊ 128-ші сессиясы қарсаӊында Қазақстанныӊ Премьер-Министрі, Алматы-2022 өтінім ұйымдастыру комитетініӊ төрағасы Кәрім Мәсімов халықаралық жаӊалық агенттіктері мен бизнес басылымдардыӊ тілшілерімен кездесті, оныӊ ішінде Associated Press, Reuters, Agency France Press, Around The Rings, Inside The Games, сондай-ақ AIPS Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығыныӊ президенті Джанни Мерло бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге салсақ, 31 шілдеде Малайзия астанасында Халықаралық олимпиада комитеті өзініӊ кезекті сессиясында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қаланы анықтайды. Олимпиада өткізуге Алматы және Пекин үміткер, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Қазақстанда қысқы Олимпиада ойындарын өткізудіӊ жалпы көрінісі мен бірегейлігіне қатысты сауалға жауап берген Кәрім Мәсімов Алматы - биіктігі 4000 метр, шын қары бар таулармен қоршалған қысқы спорт түрлеріне арналған қала екендігін айтып өтті. Оған қоса, Алматыда жинақы орналасқан қажетті спорттық нысандардыӊ 70%-ы бар, ол Тәртіп-2020-ға толық сәйкес келетін үнемді және тұрақты көріністі ұсынады.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері қала инфрақұрылымын дамыту, автокөлік жолдарын жаӊғырту және кеӊейтуге қатысты сауалдар қойды.

Кәрім Мәсімов Алматыда қысқы Олимпиада өткізу Ойындардан тәуелсіз жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларға катализатор болатынын баса айтты.

Оныӊ айтуынша, Алматы-2022 тұжырымдамасы еӊ жинақы болып табылады, барлық нысандар Олимпиада ауылынан 30 км радиуста, орташа алғанда 30-45 минуттық жолда орналасқан. Олар Олимпиада ауылыныӊ айналасында "жұлдыз" бейнесінде алты түрлі бағытта орналасады, бұл көлік ағымдарын бөлуге, сәйкесінше қозғалыс қиындығынан құтылуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, кездесу барысында Ойындарды қаржыландыруға, қоршаған орта жағдайын жақсартуға қатысты және басқа да мәселелер қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны