20.11.2015, 21:36 4003

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов пен Ауғанстан Президенті М.Гани екі ел ынтымақтастығыныӊ өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасыныӊ Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен кездесу өткізді

Астана. 20 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасыныӊ Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеӊейтудіӊ өзекті мәселелерін талқылап, өӊірлік және халықаралық қауіпсіздіктіӊ негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Кәрім Мәсімов пен Мохаммад Ашраф Гани біздіӊ елдердіӊ арасындағы өзара түсіністік пен сенімніӊ дәстүрлі ахуалда дамып жатқандығын, ал екі жақты өзара тиімді серіктестік халықаралық аренада ашықтық пен өзара қолдаумен сипатталатынын айтты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша К.Мәсімов пен М.Ганидіӊ қатысуымен бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны