27.06.2016, 14:15 4117

ҚР Премьер-Министрі Қарағанды әуежайын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қарағанды әуежайында болды

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қарағанды әуежайында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, әуежайда оны Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков және Қарағанды қаласыныӊ әкімі Нұрлан Иубәкіров қарсы алды, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

Бірінші кезекте Премьер-Министр шекаралық және кедендік бақылау зоналары орналасқан халықаралық ұшу залдарын көріп, аэровокзал кешенініӊ күту залына барды. Кәрім Мәсімовке қала әуежайыныӊ, теміржол вокзалыныӊ және автовокзалыныӊ қаупісіздігініӊ қамтамасыз етілуі жайлы баяндалды.

Қарағанды аэровокзалыныӊ өткізгіштік қабілеттілігі жылына 963,6 мыӊ жолаушыны құрайды, оныӊ ішінде 51% - халықаралық және 49% - ішкі рейстерге қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны