24.09.2012, 10:46 3431

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов отставкаға кетті

Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің отставкасын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Астана. 24-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов отставкаға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің отставкасын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы Н.Назарбаев К.Мәсімовті оның өтінішіне байланысты ҚР Премьер-министрі қызметінен босатты", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде.

Кәрім Мәсімов Премьер қызметінде 5 жыл, 9 ай жұмыс істеп, өз еркімен отставкаға кетті.

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы туған. Пекиндегі Тілдер институтын, Ухань заң университетін, Қазақ Мемлекеттік экономика университетін бітірген. АҚШ-тың Колумбия университетінде тағылымдамадан өтті. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген. Еңбек министрлігінде бас экономист, бөлім бастығы, одан кейін республика Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші (ҚХР) қаласындағы өкілдігінің аға маманы, Гонконгтағы Қазақстан сауда үйінің атқарушы директоры, кейіннен Алматы сауда-қаржы және Халық жинақ банктерінің басқарма төрағасы болып сайланды. Көлік және коммуникация министрі, Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалған.

2003 жылдың маусымынан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 2006 жылдың қаңтарынан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны