22.01.2015, 10:48 3799

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Руанда Президенті Пол Кагаммен кездесті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін жұмыс сапарымен Швейцария Конфедерациясына келді.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін жұмыс сапарымен Швейцария Конфедерациясына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сапар шеӊберінде Қазақстан Премьер-Министрініӊ бірқатар мемлекеттердіӊ, халықаралық ұйымдардыӊ және ірі шетелдік компаниялардыӊ басшыларымен кездесулері жоспарланған, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Кәрім Мәсімовтіӊ Руанда Республикасыныӊ Президенті Пол Кагаммен кездесуі болды, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Иӊгіме барысында Кәрім Мәсімов Қазақстанныӊ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар ауқымында африкалық мемлекеттермен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны