12.06.2013, 17:12 3081

ҚР Премьер-Министрі "Қазақмыс" корпорациясының қызметі бойынша кеңес өткізді

Кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов еліміздің жүйеқұраушы кәсіпорындары басшыларымен кездесу аясында "Қазақмыс" корпорациясының қызметі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Корпорация жұмысының негізгі өндірістік бағыттары мен оны дамыту перспективалары туралы корпорация басқармасының төрағасы Э.Огай баяндады.

Корпорацияның Жезқазған мен Балқаш өңірлеріндегі жүйеқұраушы кәсіпорындар екенін назарға алған, Премьер-Министр "алған әлеуметтік міндеттемелерді тиісінше атқару қажет", - деді.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы мемлекеттік қолдау шараларын қайырымдылық көмек ретінде қарамауға шақырды.

"Мемлекет корпорацияның өңірде әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі нақты рөлін көрсе оған көмектесетін болады. Бұл аса маңызды мәселе", - деп атап көрсетті С.Ахметов.

Талқылау қортындысы бойынша Премьер-Министр "әртараптандыру бойынша өңірдегі перспективалық бағыттарды анықтау, моноқалалар бағдарламаларын тереңдете түсу, тұтастай алғанда өңірлік мәселелерді анықтау үшін" мүдделі мемлекеттік органдарға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың жетекшілігімен жұмыс тобын құруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны