03.06.2013, 17:06 10328

ҚР Премьер-Министрі Қазақстан мен Латвияның бизнес шеңберлерінің ынтымақтастық перспективаларын атап өтті

ҚР Үкіметінің басшысы екі ел кәсіпкерлерінің әріптестігі үшін үлкен перспективалар бар екенін айта келіп, "екіжақты қарым-қатынастың қазіргі әлеуетін барынша іске қосуды" ұсынды.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов пен Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньш Астанада ашылған Қазақстан-Латвия бизнес-форумына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Үкіметінің басшысы екі ел кәсіпкерлерінің әріптестігі үшін үлкен перспективалар бар екенін айта келіп, "екіжақты қарым-қатынастың қазіргі әлеуетін барынша іске қосуды" ұсынды.

С.Ахметов сондай-ақ қазақстандық және латыш кәсіпкерлерін бизнес байланыстарды жандандыра түсуге, индустриалды сектор, агроөнеркәсіптік кешен, қайта өңдеу салалары мен туризм сферасында бірлескен кәсіпорындар құруға шақырды.

"Біздің есігіміз бизнес-идеяларыңыз бен инвестицияларыңызға ашық. Елімізде бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алатын, жаңа технологияға арқа сүйейтін бірлескен кәсіпорындар құру үшін барлық жағдай бар", - деді ҚР Премьер-Министрі.

Латвия Президенті сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды мейлінше тереңдету қажет екенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны