12.12.2012, 13:27 3010

ҚР премьер-министрі Қостанай облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарының аясында Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің құрылымына кіретін бірқатар кәсіпорынды аралап, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Премьер-Министр С.Ахметов Қостанай облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарының аясында Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің құрылымына кіретін бірқатар кәсіпорынды аралап, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты.

"ССКБӨБ" АҚ-ның Сарыбай карьерінде Үкімет басшысы темір рудаларын өндіру жөніндегі өндірістік бағдарламаның орындалу барысымен және кәсіпорынды дамытудың перспективаларымен танысты.

Ал бірлестіктің жылу-электр орталығында Премьер-Министр стансаның күзгі-қысқы мерзімдегі жұмыс жағдайымен және оның даму перспективасымен танысты. 1998 жылы Рудный қаласының жылу-электр орталығы "ССКБӨБ" АҚ-ның сенімді басқаруына берілген болатын. Рудный қаласын электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін жақсарту және кәсіпорында өндірілетін өз электр қуатының көлемін арттыру мақсатында жылу-электр орталығын кеңейту және жаңарту жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылды.

С.Ахметов сондай-ақ "ССКБӨБ" АҚ үшін кадрлар даярлау жүйесімен танысу мақсатында корпоративтік оқу орталығында болды. Үкімет басшысы орталықтың білім бағдарламаларымен және жаттықтыру сыныптарының мүмкіндіктерімен танысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны