21.11.2012, 18:01 2932

ҚР Премьер-Министрі Маңғыстауға жасаған жұмыс сапары барысында қоныс той иелеріне пәтер кілттерін тапсырды

Жаңаөзен қаласында Үкімет басшысы бюджеттік сала қызметкерлері мен жас отбасыларға "Рауан" шағынауданында жаңа тұрғын үй кешені пәтерлерінің кілттерін тапсырды. Жаңаөзен қаласының 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді дамыту жоспары шеңберінде республикалық бюджет есебінен салынған 200 пәтерлік тұрғын үй барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Маңғыстауға жасаған жұмыс сапары барысында қоныс той иелеріне пәтер кілттерін тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралады.

Жаңаөзен қаласында Үкімет басшысы бюджеттік сала қызметкерлері мен жас отбасыларға "Рауан" шағынауданында жаңа тұрғын үй кешені пәтерлерінің кілттерін тапсырды. Жаңаөзен қаласының 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді дамыту жоспары шеңберінде республикалық бюджет есебінен салынған 200 пәтерлік тұрғын үй барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

"Жаңаөзенді дамыту мәселелері Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше бақылауында, сондықтан олардың шешілуі бойынша алдағы жұмыс жалғастырылады", - деді С.Ахметов тұрғын үй кешенін пайдалануға беру рәсімінде.

"Жаңа пәтердің кілтін алғаныма өте қуаныштымын", - деп атап өтті қоныс той иелерінің бірі Мереке Бекбаев.

Мереке - реаниматолог дәрігер, зайыбымен бірге қалалық ауруханада жұмыс істейді. Жас отбасында екі кішкентай бала бар, олар жаңа баспананы үш жыл бойы күткен еді. Бүгін олар екі бөлмелі пәтердің кілтін алды.

"Енді балаларым жайлы жағдайда тұратын болады - бұл Мемлекет Басшысы және ҚР Үкіметі қабылдаған бағдарламаның арқасында мүмкін болды", - деді пәтер кілтін алған көпбалалы ана Майра Есбосынова.

Ийел адам 25 жыл бойы мұнайшылар қаласында ауруханада жұмыс істеп келеді. Бес баланың анасы бүгінде әже атанып үлгерді. Үлкен отбасы екі бөлмелі пәтерде тұрып, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға зәру еді. Бүгін Майра төрт бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды.

Жұмыс сапарының соңында делегация "Өзен Дархан" жылыжай кешенін аралап көрді, мұнда жыл бойы көкөніс өнімдерін өсіру жоспарлануда. Осындай бәсекелестік жылдың маусымдық емес кезеңінде ауылшаруашылық өнімдерінің шарықтаған бағаларын төмендетуге көмектеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны