24.04.2014, 20:32 4131

ҚР Премьер-Министрі Марокко Парламенті Кеңесшілері палатасының басшысымен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Марокко Корольдігі Парламенті Кеңесшілері палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Марокко Корольдігі Парламенті Кеңесшілері палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ секторы, ауыл шаруашылығы, экономиканың өзге де салаларындағы екі жақты өзара іс-қимылдың қазіргі жайы мен болашағы талқыланды.

Тараптар Қазақстан-Марокко іскерлік өзара қарым-қатынасты жандандырып, екі жақты байланысты одан әрі тереңдете түсу қажеттігіне тоқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны