14.06.2010, 14:33 3725

ҚР премьер-министрі мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алудың заңдылығын тексеруді тапсырды

"Пәтер бөлу тұрғысында бір ғана адамның түрлі бағдарламалар бойынша пәтерді бірнеше мәрте алуға қауқарлы екені туралы ақпарат келіп түсуде", - деді Үкімет басшысы.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алудың заңдылығын тексеруді тапсырды. Ол мұндай тапсырманы бүгін өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Пәтер бөлу тұрғысында бір ғана адамның түрлі бағдарламалар бойынша пәтерді бірнеше мәрте алуға қауқарлы екені туралы ақпарат келіп түсуде", - деді Үкімет басшысы.

"Осыған байланысты премьер-министр Кеңсесіне бұл мәселе бойынша комиссия құрып, фактілердің барлығын тексеріп, оның нәтижесін маған енгізуді тапсырамын", деп қадап айтты К. Мәсімов.

Үкімет басшысы бұл шараларды 1 ай уақыт ішінде орындауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны