03.07.2013, 16:03 4710

ҚР Премьер-Министрі МГМ-нің жаңа басшысы Ұзақбай Қарабалинді таныстырды

"Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Сауат Мыңбаев басқа жұмысқа ауысуына байланыста ҚР мұнай және газ министрі қызметінен босатылды. Ведомствоның жаңа басшысы болып Ұзақбай Қарабалин тағайындалды", - деп хабарлады С.Ахметов.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мұнай және газ министрлігі ұжымына жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Сауат Мыңбаев басқа жұмысқа ауысуына байланыста ҚР мұнай және газ министрі қызметінен босатылды. Ведомствоның жаңа басшысы болып Ұзақбай Қарабалин тағайындалды", - деп хабарлады С.Ахметов.

Үкімет басшысы МГМ-нің бұрынғы басшысы С.Мыңбаевтың салаға сіңірген еңбегін атап айтты.

"Сауат Мұхаметбайұлы Мұнай және газ министрі ретінде Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту мен ірі халықаралық жобалардағы қазақстандық үлесті арттыруға үлкен үлес қосты", - деді С.Ахметов. Премьер-Министр С.Мыңбаевқа нәтижелі қызметі үшін алғыс айтып, алдағы еңбегіне табыстар тіледі.

Ұ.Қарабалинді МГМ ұжымына таныстыра отырып, Премьер-Министр оның республиканың мұнай-газ секторындағы көпжылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті.

"Ұзақбай Сүлейменұлы әр жылдары мұнай және газ өндірісі министрінің орынбасары, энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары міндеттерін атқарып, алты жылдан астам уақыт "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясын басқарды.

Ұзақбай Қарабалиннің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары сенімін ақтайтынына сенім білдіремін", - деп атап көрсетті С.Ахметов.

Өз кезегінде, Ұ.Қарабалин өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс білдіре отырып, Мемлекет басшысының мұнай-газ саласы алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін МГМ ұжымының барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.

Серік Ахметов сондай-ақ МГМ алдында тұрған бірқатар міндеттерді атады.

"Министрлік пен мұнай-газ саласының алдында жаңа мұнай-химия өндірісін қалыптастыру мен дамыту, қазақстандық мазмұнды арттыру, кадрлар дайындау сияқты үлкен міндеттер тұр. Бұл міндеттер, әрине, жеңіл емес, сонымен қатар, мұнай-газ саласында қазіргі заманғы дайындықтан өткен менеджерлер жұмыс істейді. Министрлік ұжымы мен оның басшылығына алға қойылған міндеттерді орындауда табыстар тілеймін", - деді С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны