05.03.2013, 14:07 2960

ҚР премьер-министрі "Нұр Отан" ХДП" сайлауалды тұғырнамасының іс-шаралар жоспарын реттеуді тапсырды

"Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен қоса бір ай мерзімінде "Нұр Отан" партиясы хатшылығына сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жоспарын түзету және толықтыру бойынша ұсынысты енгізуді, Өңірлік даму министрлігімен қоса бір аптада партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру барысы мониторингісін жетілдіру мәселесі бойынша Мемлекет басшысына хат жобасын Үкіметке өткізуді", - С.Ахметов тапсырды.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов осы айда "Нұр Отан" ХДП-на партияның сайлауалды тұғырнамасын реттеу бойынша ұсыныстарды енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен қоса бір ай мерзімінде "Нұр Отан" партиясы хатшылығына сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жоспарын түзету және толықтыру бойынша ұсынысты енгізуді, Өңірлік даму министрлігімен қоса бір аптада партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру барысы мониторингісін жетілдіру мәселесі бойынша Мемлекет басшысына хат жобасын Үкіметке өткізуді", - С.Ахметов тапсырды.

Сонымен қатар, ол Ұлттық іс-қимыл жоспарын Үкіметтің орындайтынына сенім білдірді.

"Бүгін конструктивтік талқылау өтті. Айта кету керек, "Нұр Отан" партиясының сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру біз үшін билік Үкіметі ретінде маңызды тапсырма болып есептеледі. Парламент фракциясымен бірге Ұлттық іс-қимыл жоспарын орындайтынымызға сенімдіміз. Орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларына партияның сайлауалды тұғырнамасын орындаудың маңызды мониторингі бойынша жұмысты басқаруды тапсырамын", - деп атап өтті С.Ахметов.

Айта кету керек, сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру барысын бақылау ҚР Премьер-Министрі - еліміздің өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевқа жүктелген.

"Мемлекеттік басқару органдарындағы соңғы құрылымдық жаңартуларды ескере отырып, іс-шаралар жоспары бойынша кешенді талдау жүргізіп, сайлауалды тұғырнамасының жүзеге асу барысы туралы сәйкес мәліметті интернет-ресурстарда жариялауды қамтамасыз ету керек", - деп қортындылады Премьер-Министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны