04.01.2013, 11:56 3281

ҚР премьер-министрі "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасарымен кездесу өткізді

Иңгіме барысында ҚР Үкіметі мен "Нұр Отан" ХДП-ның кең ауқымды мәселелер, әсіресе Президенттің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясының" қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі өзара әрекеттестігі туралы мәселелер талқыланды.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін "Нұр Отан" ХДП Орталық аппаратында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов пен партия төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Иңгіме барысында ҚР Үкіметі мен "Нұр Отан" ХДП-ның кең ауқымды мәселелер, әсіресе Президенттің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясының" қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі өзара әрекеттестігі туралы мәселелер талқыланды.

С.Ахметов Үкіметтің партияның орталық аппаратымен, сондай-ақ Парламент Мәжілісіндегі фракциясымен ынтымақтастығының қалыптасқан деңгейіне қанағаттанушылық сезімін белдірді.

Өз кезегінде, Б.Сағынтаев "Президенттің Жолдауын жүзеге асыру аясында Партияның ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттері айқындалатын болады.Партия алаңшасында "Қазақстан-2050" Стратегиясында" айтылған заң жобаларын, бағдарламалық құжаттарды талқылау ұйымдастырылады" деді.

Сондай-ақ кездесу барысында "Нұр Отан" ХДП-ның "Қазақстан. 2017- мақсаттары" Сайлауалды платформасының негізгі тоғыз басымдықтарын жүзеге асырудың жағымды динамикасы атап айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны