02.11.2012, 09:28 2937

ҚР премьер-министрі оңтүстік-қазақстандық кәсіпорындар мен білім нысандарына барып қайтты

Бүгін түстен кейін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Түркістан және Кентау қалаларының білім беру, энергетика және өнеркәсіп салалары нысандарын аралады.

Шымкент. 2-қараша. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Түркістан және Кентау қалаларының білім беру, энергетика және өнеркәсіп салалары нысандарын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін түстен кейін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Түркістан және Кентау қалаларының білім беру, энергетика және өнеркәсіп салалары нысандарын аралады.

Түркістан қаласында Үкімет басшысы М.Жұмабаев атындағы № 15 жаңа орта мектепте болып, сынып бөлмелері мен қондырғыларды аралап көрді. Премьер-Министр сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысындағы білім беру жүйесінің дамуымен да танысты.

Кентау моноқалашығында Серік Ахметов бірқатар қала құраушы кәсіпорындарды аралады.

"Кентау Сервис" МҚК 5-ЖЭО-да Үкімет басшысы орталықтың күзгі-қысқы маусым жағдайындағы жұмысымен, сондай-ақ оны дамытудың перспективаларымен танысты.

Премьер-Министр 5-ЖЭО технологиялық үрдісін жетілдіру қажеттігін атап өтті. "Мұндай станциялар бір-ақ компьютермен басқарылады", - деді С.Ахметов. Тақырыпты жалғастыра келе, Үкімет басшысы "5-ЖЭО жұмысын шығынсыз деңгейге шығару керек. Сонда жылу да, энергия да, жалақы мен жұмыс та болады", - деп атап көрсетті С.Ахметов.

Кентау трансформатор зауытында Серік Ахметов қала құраушы кәсіпорынның қондырғыларын қарап шығып, өндірілетін өнім түрлерімен танысты, еңбек ұжымымен кездесті. Зауыт өнімінің негізгі тұтынушылары еліміздің ұлттық компаниялары, сондай-ақ Ресейдің және Орта Азияның кәсіпорындары болып табылады. Кентау қаласының 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді даму жоспарында электр оқшаулағыш және механикалық цехтардың құрылысын салу жөніндегі серпінді жобалар қарастырылған.

Үкімет басшысы өндірісті жаңғырту және анағұрлым жоғары технологиялық деңгейге көшу қажеттілігін атап өтті.

Осымен ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Оңтүстік-Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны