02.04.2014, 20:47 4274

ҚР Премьер-Министрі отставкаға кетті

Естеріңізге сала кетейік, Серік Ахметов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне 2012 жылдың 24 қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Премьер-Министр Серік Ахметов отставкаға кетті.

"Үкiмет туралы Конституциялық заңға сәйкес, бүгiн Мемлекет басшысы менiң жұмысымнан кетуiм туралы өтiнiшiмдi қабылдады. Өз атымнан, Үкiмет атынан Мемлекет басшысы, ел Президентi Нұрсұлтан Ибiшұлы Назарбаевқа маған көрсетiлген жоғары сенімі үшін алғысымды бiлдiргiм келедi", - деді Серік Ахметов.

"Үкiмет туралы заңға сәйкес Премьер-Министрдiң отсавкаға кетуi бүкiл министрлер кабинетiнiң өкiлеттiк күшiн жояды, десек те ол жаңа үкiмет қалыптасқанға дейiн өз өкiлеттiлiгiн сақтап қалады", - деген Серiк Ахметов министрлер кабинетiне бiрлескен жұмысы үшiн алғысын бiлдiрiп, жаңа үкiметтiң мемлекет игiлiгiне жұмыс iстейтiнiне сенiмiн бiлдiрдi.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Ахметов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне 2012 жылдың 24 қыркүйегінде тағайындалған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны