21.12.2012, 10:54 3307

ҚР Премьер-Министрі ресми сапармен Өзбекстанға келді

Ташкент әуежайында ҚР Үкіметінің басшысын Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Гуломжон Ибрагимов күтіп алды.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов екікүндік ресми сапармен Өзбекстанға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ташкент әуежайында ҚР Үкіметінің басшысын Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Гуломжон Ибрагимов күтіп алды.

Күннің екінші жартысында С. Ахметовтің ӨР Премьер-министрі Шавкат Мирзиеевпен тар және кең құрамдағы келіссөздері жоспарлануда. Кездесулер нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтіледі.

Сондай-ақ бүгін ҚР Премьер-Министрінің Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовпен кездесуі жоспарланған.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Үкіметі басшысының ресми сапары барысында өзбек тарапымен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ су-энергетикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны