12.11.2012, 17:14 2985

ҚР премьер-министрі РФ жасаған жұмыс сапары аясында "Сколково" инновациялық орталығында болды

Үкімет басшысы "Сколково" технопаркіндегі бірқатар ғарыштық, ақпараттық салалардағы және энергиялық жағынан тиімді кластерлік жобалармен танысты.

Астана. 12-қараша. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов РФ жасаған жұмыс сапары аясында "Сколково" инновациялық орталығында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысы "Сколково" технопаркіндегі бірқатар ғарыштық, ақпараттық салалардағы және энергиялық жағынан тиімді кластерлік жобалармен танысты.

Серік Ахметов сондай-ақ ұжымдық пайдалану орталығының Микросараптама зертханасына барды. Зертхана мамандары өндіріс технологиясын әзірлеу және өнім сапасын бақылау үшін электронды микроскопияны пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

Куб пішіндес салынған "Гиперкуб" әкімшілік ғимаратында 3D форматында "Сколково" инновациялық орталығының таныстырылымы өтіп, соңынан Үкімет басшысы "Сколково" Қорының президенті Виктор Вексельбергпен кездесті.

"Инновациялық жобаларды қолдау саласында Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі әңгіме болды",- деді кездесу қорытындысы бойынша Виктор Вексельберг.

Қор басшысы Қазақстанмен арадағы байланысты энергетика, жаңа технологияларды қолдана отырып, мұнай-газ кен орындарын барлау сияқты дәстүрлі салаларға жұмылдыруға болады деп санайды.

"Біздің бірқатар жобаларымыз қазақстандық тараптың қызығушылығына ие болды. Атап айтқанда, әңгіме ғарыштық саладағы, теңіз қайраңындағы сейсмикаға қатысты жобалар жөнінде болып отыр. Ең бастысы, ниет әрі ынтымақтастыққа қажетті база бар. Біз таяу уақытқа арналған іс-қимыл бағдарламасын және негізгі мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын бірлескен хаттама дайындау туралы уағдаластық",- деді В.Вексельберг.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны