04.07.2013, 13:06 2823

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов локомотив қозғалтқыштарын жасайтын зауыттың ескерткіш плитасының ашылуына қатысты

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов "GEVO" локомотивтердің дизелді қозғалтқыштарын жасайтын зауыттың құрылысы жүріп жатқан алаңдағы ескерткіш плитаның ашылу салтанатына қатысты.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов локомотив қозғалтқыштарын жасайтын зауыттың ескерткіш плитасының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов "GEVO" локомотивтердің дизелді қозғалтқыштарын жасайтын зауыттың құрылысы жүріп жатқан алаңдағы ескерткіш плитаның ашылу салтанатына қатысты.

Шарада сөйлеген С.Ахметов, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жаңа транспорттық машина жасау саласы құрылғанын атап айтты.

"Жаңа зауыттың құрылысы өндірістік саланы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, еңбек өнімділігін арттыруға қосымша серпін беретініне сенімдімін",-деді С.Ахметов.

С.Ахметов сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының темір жол машиналарын жасау саласын дамытуда осы сферадағы Дженерал Электрик, Альстом, Тальго, Сименс сияқты әлемдік көшбасшылармен бірігіп қосып отырған үлесін атап өтті.

Үкімет басшысы "Қазақстан бұдан әрі де бизнес-орта мен инвестициялық ахуал үшін тиімді жағдай жасау саясатын жалғастыра береді", дей келе, шетелдік инвесторлармен әріптестікті кеңейтуге әзір екенін атап көрсетті.

Зауытты 2014 жылдың желтоқсанына іске қосу жоспарланған. Тиісті Келісімге өткен жылы Астанада қол қойылды. Кәсіпорын жылына қуаты 2200 ден 4500 кВт-ға дейінгі, номиналдық айналдыру жиілігі минутына 950 ден 1050 айналымды құрайтын 8,12,16 цилиндрлік 300 дана қозғалтқыштар шығарады.

Қозғалтқыштар қазақстандық "Evolution" тепловозын жасауға, ресейлік 2Т116 сериялы екі секциялы тепловоздарды жаңғыртуға, кеме жасауға пайдаланылатын болады.

Кәсіпорынның экспорттық перспективасы өнімдердің посткеңестік кеңістіктегі барлық мемлекеттердің, сондай-ақ Моңғолияның рыноктарына шығарылумен байланыстырылады. Қазақстанда қозғалтқыштарды жасау өндірісін кезең-кезеңмен оқшауландыра беру көзделіп отыр, яғни 2015 жылы қазақстандық мазмұн 8% құраса, ол 2020 жылға қарай 51% дейін жеткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны