01.03.2013, 12:08 2367

ҚР премьер-министрі "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ қызметінің мәселелері бойынша отырыс өткізді

"Самұрық-Энерго" АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев компанияның 2012 жылғы жұмысының қортындысы туралы баяндап, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерді жариялады. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы компанияның барлық қаржылық және өндірістік көрсеткіштері өз деңгейінде және жоспардағыдан асыра орындалған.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Серік Ахметов "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ қызметінің мәселелері бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Энерго" АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев компанияның 2012 жылғы жұмысының қортындысы туралы баяндап, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерді жариялады. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы компанияның барлық қаржылық және өндірістік көрсеткіштері өз деңгейінде және жоспардағыдан асыра орындалған.

"2012 жылы Мойнақ ГЭС-і құрылысы аяқталды, тұтастай алғанда жылыту науқанына қосымша қуатпен қосылуға мүмкіндік берген Екібастұз ГРЭС-1-дің №8 блогы іске қосылды",-деді А.Сатқалиев.

Үстіміздегі жылдың ақпанында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, акционерлік капиталды өсіруге және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2022 жылға дейінгі даму Стратегиясы бекітілді, деді ол.

Сондай-ақ отырыста "Самұрық-Қазына" АҚ қызметін жетілдіре түсуге қатысты басқа да мәселелер қаралды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны