11.01.2011, 15:11 3862

ҚР премьер-министрі Семейдің жылумен қамтамасыз ету жүйесінде болған апатқа кінәлілерді жауапкершілікке тартпақ

ҚР премьер-министрі Семейдің жылумен қамтамасыз ету жүйесінде болған апатқа кінәлілерді жауапкершілікке тартпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Семейдің жылумен қамтамасыз ету жүйесінде болған апатқа кінәлілерді жауапкершілікке тартпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Семей ЖЭО-дегі апатқа айыптыларды табуды тапсырды және олар жазасын алады деп уәде етті.

"Сіз өте тәжірибелі адамсыз, көптеген қызмет атқарып, көптеген салаларды басқардыңыз. Мен, шынымды айтсам, сіздің облыста осындай оқиға орын алады деп күтпеген едім... кімнен болса да, сізден күтпеген едім", - деді К. Мәсімов сейсенбі күні үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа қаратып.

Үкімет басшысы апаттың барлық салдарын жоюды тапсырды. Өзінің орынбасары Исет Исекешевке "комиссия құрып, не болғанын анықтауды" жүктеді.

"Маған айтыңыз: мен осы мәселеге жауапты адамды жазалаймын", - деді К. Мәсімов.

Премьер профилактикалық жұмысты жүйелі түрде жүргізіп отыруды тапсырды. "Бұл мәселені жалпы шешу керек, не республикалық бюджет есебінен, немесе қуат есебінен", - деді ол.

К. Мәсімов аталған тапсырма бойынша бір аптаның ішінде есеп беруін міндеттеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны