12.02.2014, 18:45 5069

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов елорданың валюта айырбастау бекеттерін, май құю стансаларын және сауда орындарын аралады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астана қаласының сауда орындарын, валюта айырбастау бекеттерін және май құю стансаларын аралады.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астана қаласының сауда орындарын, валюта айырбастау бекеттерін және май құю стансаларын аралады.

Айта кетейік, кеше Премьер-Министрдің шұғыл селекторлық кеңес өткізіп, оның барысында мемлекеттік органдарға әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу, сондай-ақ шетел валюталарын сатып алу курсы мен сату бағамы арасындағы шектеулі ауытқушылықтар бойынша Ұлттық банк қаулысын орындауды мұқият қадағалау қажеттігін атап көрсеткенін естеріңізге саламыз.

Қала нысандарын аралау барысында Серік Ахметов "Илем", "Алма" сауда орталықтарындағы азық-түлік ассортименттері мен олардың бағаларымен танысты және бірқатар валюта айырбастау бекеттерінде, "Nomad oil" май құю стансасында болды.

Премьер-Министр мемлекеттік органдарға "өңірлер рыноктарындағы жағдайларға күнделікті мониторинг жүргізуді және пайда болған проблемаларды жедел шешуді тапсырды".

"Бұл жұмыстарды тек облыс орталықтары мен қалаларда ғана емес, әрбір ауыл мен елді-мекендерде жүргізу керек",-деп өкім етті С.Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны