13.12.2012, 17:53 3484

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Тайыр Мансұровпен кездесті

Иңгіме барысында Кедендік одақ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ ЕурАзЭҚ кеңістігінде БЭК құру мәселелері талқыланды.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Тайыр Мансұровпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Иңгіме барысында Кедендік одақ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ ЕурАзЭҚ кеңістігінде БЭК құру мәселелері талқыланды.

Т.Мансұров Үкімет басшысына үстіміздігі жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде өтетін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің Үкімет басшылары деңгейіндегі кезекті отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, ЕурАзЭҚ Бас хатшысы бірқатар бағдарламалардың орындалысы туралы, атап айтқанда Қазақстан мен Ресей белсенді ат салысып жүрген "Инновациялық биотехнологиялар" жобасы туралы да айтып өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру біздің елдерімізге өнеркәсіп, медицина, аграрлық сектор және биотехнология саласындағы 56 астам өнімді береді деді ол.

Сонымен қатар, Т.Мансұров өткен аптада Минскіде ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры кеңесінің кезекті отырысы өткенін, онда ағымдағы мәселелермен қатар, Беларусь Республикасына 440 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие траншын бөлу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны