03.06.2013, 18:43 2898

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Латвия Президенті Андрис Берзиньшпен кездесті

"Латвия біз үшін Балтық жағалауындағы маңызды әріптес, сондықтан, біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтіп, тереңдете түсуге әзірміз, оның үстіне бұл үшін барлық жағдай бар", - деді С.Ахметов.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньшпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан-Латвия екіжақты қарым-қатынасын дамыту мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық саласы бойынша әңгіме өрбіді.

"Латвия біз үшін Балтық жағалауындағы маңызды әріптес, сондықтан, біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтіп, тереңдете түсуге әзірміз, оның үстіне бұл үшін барлық жағдай бар", - деді С.Ахметов.

Қазақстан Үкіметінің басшысы көлік-транзиттік, индустриалды-өндірістік секторлардағы өзара іс-қимыл ынтымақтастығындағы перспективалы сала ретінде қайта өңдеуді, сондай-ақ инновациялық және технологиялық әріптестікті атады.

Өз кезегінде, А.Берзиньш екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдетуге үлкен мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Келіссөздер аяқталған соң білім және ғылым, туризм, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны