08.02.2013, 10:56 3020

ҚР премьер-министрі Серік Ахметов "Самұрық-Қазына" АҚ алқасының кеңейтілген отырысына қатысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ алқасының кеңейтілген отырысында Қор қызметінің өткен жылға қортындысы мен осы жылға тапсырмалары анықталды.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Серік Ахметов "Самұрық-Қазына" АҚ алқасының кеңейтілген отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ алқасының кеңейтілген отырысында Қор қызметінің өткен жылға қортындысы мен осы жылға тапсырмалары анықталды.

2012 жылы жасалған жұмыстардың нәтижелері жайында мәлімдей отырып, Қор басшысы Өмірзақ Шүкеев стратегияны жүзеге асыру мақсатында бірқатар жүйелі тапсырмалар шешілгенін атап өтті.

Есеп беру кезеңінде Ө.Шүкеев мәлімдегендей екінші деңгейдегі банктарды есепке алмағанда Қордың шоғырланған таза табысы 697 млрд. теңгені құрады, бұл жоспарлық деңгейді 14%-ға және өткен жылғы мәліметтен 11%-ға асып түсті. Сонымен қатар, оның айтуынша таза табыстың өсуіне "уранды экспортқа шығарудың бағасы мен көлемінің төмендегені, мұнай бағасының өткен жылдың дейңгейінде сақталуы, мұнай шығару көлемінің төмендеуі" әсер еткен жоқ.

"Халықтық IPO" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Азаматтар үшін тәуекелді азайту мақсатында Қор Лондон қор биржасында қолданылатын халықаралық стандарттарды ұстанады. Бұл бағыттағы жұмыстың табыстылығы қор биржасында "ҚазТрансОйл" АҚ акцияларына сұраныстың көптігінен көрініп отыр. Бұл компанияның акцияларына сұраныс ұсыныстан екі есеге асып түсті.

Талқылауды қортындылай келіп, Үкімет Басшысы Президент Н.И.Назарбаев "Стратегия - 2050" атап айтқан "Қазақстан экономикасы өсуінің негізгі қозғаушы күші елдің индустриялық-инновациялық дамуын жүзеге асыру" тапсырмаларын орындауда "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ рөлінің ерекше екенін атап өтті.

С.Ахметов айтқандай "дағдарыс кезеңінің тапсырмалары орындалды, енді активтерді тиімді басқарып, Қор тобына кіретін компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру керек".

Үкімет басшысы, сонымен қатар "корпоративтік басқарудың жоғары көрсеткіштеріне жету, оперативтік табыстың, жоғары қосылған құны бар ғылымды қажет ететін маңызды өндірістерді құру және озық технологияларды қолдануды" маңызды деп санайды.

С.Ахметов Қор басшылығына бірқатар тапсырмалар берді. Бірінші орында мұнай-газ, көлік салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды бақылау, енгізілген өндірістерді жобалық қуаттылыққа шығару, еншілес компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру атап өтілді. "Халықтық IPO" бағдарламасының екінші толқынын жүзеге асыру керектігін атап өтіп, С.Ахметов "KEGOC" АҚ-ын ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қор нарығына шығаруды тапсырды.

Үкімет Басшысы ЭКСПО-2017 көремсі объектілерін энергиямен жабдықтау және Астанада "Жасыл орам" салуды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті мазмұн үлесін арттыруды тапсырды.

"Кластерлеуді қатыстыру, жергілікті мазмұнды дамыту, бейінді емес активтерді жеке секторға шығару, отандық кәсіпкерлікті дамытуды мемлекетті қолдауда Қордың айтарлықтай үлесі болып табылады",-деді Үкімет Басшысы және "Қор үлгілі жұмыс беруші, Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілік үлгісі болу керек" екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны