12.07.2013, 12:09 5512

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов ШҚО-ға келді

Форумға сондай-ақ, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдері, атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары, даму институттары, қаржы институттары мен өңірдегі жүйе түзуші кәсіпорындардың өкілдері қатысып отыр.

Астана. 12-шілде. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов қазір "Қуатты өңірлер - қуатты Қазақстан" Өңіраралық ықпалдастық форумы өтіп жатқан Өскемен қаласына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Форумға сондай-ақ, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдері, атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары, даму институттары, қаржы институттары мен өңірдегі жүйе түзуші кәсіпорындардың өкілдері қатысып отыр.

Форумның мақсаты - "Қазақстан - 2050" Стратегиясындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша өңірлердегі билік, бизнес және қоғамдық белсенді халықтың өзара іс-әрекет механизмдерін жетілдіру.

Форумды ұйымдастырушылардың хабарламасы бойынша, өңірлерді әлеуметтік-экономикалық тиімді дамыту үшін негізгі бағыттар мен формалардың, технологиялар мен инвестициялардың дамуы форумның нәтижесі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны