30.04.2010, 12:43 4494

ҚР премьер-министрі Шанхайда "ЭКСПО-2010" дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонын ашты

ҚР премьер-министрі Шанхайда "ЭКСПО-2010" дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонын ашты

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов "ЭКСПО-2010" дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонын ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Екі қабатты қазақстандық павильондағы көрмелермен танысқан үкімет басшысы, оның дизайны мен орналасуына жоғары баға берді. Одан кейін К.Мәсімов ЭКСПО паркіндегі Жапония мен Қытай көрме павильондарын аралады.

"Менің ойымша, Шанхайдағы "ЭКСПО-2010" көрмесі, бүкіл әлемнің экономикалық даму деңгейінің жаңа технологиялық кезеңде тұрғанын көрсетіп отыр. Сондықтан да, Елбасының Қазақстан экономикасын әрі қарай дамыту жөніндегі тапсырмасына орай Үкімет атқарып жатқан жұмыстарға сәйкес, біздің Қазақстан және біздің компанияларымыз бәсекеге қабілетті болуы үшін инновациялық технологияларды егжей-тегжейлі зерттеп, қолданысқа енгізу керек", - деді К.Мәсімов өз сөзінде.

К.Мәсімовтің Қазақстанның ұлттық павильонының ашылу рәсіміне қатысуы осынау халықаралық іс-шараның аясындағы маңызды оқиғалардың бірі болып отыр, себебі Астананың "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге өз кандидатурасын ұсынуына байланысты

Шанхайдағы ЭКСПО көрмесінің ұйымдастырылу тәжірибесі Қазақстан үшін үлкен маңызға ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны