22.05.2013, 13:36 12751

ҚР Премьер-Министрі Шетел инвесторлары кеңесінің мүшелерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі мүшелерімен бірқатар кездесулер, сондай-ақ "Шелл" компаниясының жобалар мен технологиялар бойынша атқарушы директоры М.Бихселмен кездесу өткізді.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Шетел инвесторлары кеңесінің мүшелерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі мүшелерімен бірқатар кездесулер, сондай-ақ "Шелл" компаниясының жобалар мен технологиялар бойынша атқарушы директоры М.Бихселмен кездесу өткізді.

"Тоталь Апстрим" компаниясы бөлімшесінің президенті Ив-Луи Дарикарэрмен болған кездесу барысында мұнайгаз саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері және одан арғы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. С.Ахметов "Тоталь" компаниясына Қазақстанның мұнайгаз өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде, И-Л.Дарикарэр "екіжақты өзара іс-қимыл әлеуеті өзара мүдделер кеңістігін кеңейте түсуге мүмкіндік береді", дей келіп ынтымақтастықты тереңдете түсу мәселесіне тоқталды.

"Би Джи Групп" компаниясының бас атқарушы директоры Крис Финлейсонмен кездесуінде Серік Ахметов мұнай-газ саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін әңгіме арқауына айналдырды.

Премьер-Министр екіжақты өзара іс-қимыл перспективаларын жоғары бағалай отырып, "Би Джи Групп" компаниясын Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуға шақырды.

"Бүгінгі күні елімізде негізінен алдымен инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған жаңа экономика құруға мүмкіндік беретін ауқымды индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Экономикамыздың одан әрі дамуын біз бірқатар өлшем бойынша шетел инвесторлары қызметімен байланыстырамыз", - деді С.Ахметов.

К.Финлейсон Үкімет басшысының ұсынысын қолдай келіп, "компания іскерлік байланыстарды кеңейте түсуге" дайын деді.

Премьер-Министрдің "Шелл" компаниясының жобалар және технологиялар бойынша атқарушы директоры Матиас Бихселмен кездесуі барысында мұнай-газ секторындағы ынтымақтастық мәселелері төңірегінде әңгіме болды.

Бұл мәселе Серік Ахметовтің "Эксон Мобил" компаниясының аға вице-президенті Марк У.Алберспен кездесуі кезінде де талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны