23.01.2013, 13:42 3096

ҚР премьер-министрі Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Самат Ескендіровті таныстырды

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында С.Ахметов депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі қызметіне Самат Ескендіровтің кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқыды. Депутаттар бұл кандидатураны бірауыздан қолдады.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР премьер-министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болып, өңірдің жаңа әкімі Самат Ескендіровті таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында С.Ахметов депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі қызметіне Самат Ескендіровтің кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқыды. Депутаттар бұл кандидатураны бірауыздан қолдады.

Сессиядан соң С.Ахметов облыс активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды.

"Мемлекет басшысы Самат Сапарбекұлының алдына маңызды міндеттер қойды. Сіздердің оған белсенді түрде жәрдемдесіп, өңірлеріңізді дамытуға барынша күш салатындарыңызға сенімдімін",- деді С.Ахметов.

Премьер-Министр сондай-ақ, жемісті еңбегі үшін облыстың бұрынғы әкімі Серік Біләловке алғыс білдірді. "Серік Сұлтанғазыұлы облысты алты жылдан астам уақыт басқарды. Осы кезеңде жаңа өндірістер құру, ШОБ-қа қолдау көрсету, АӨК-ті дамыту және экономиканың басқа да салалары бойынша үлкен жұмыстар атқарылды",- деп атап көрсетті С. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны