09.01.2013, 17:20 3043

ҚР премьер-министрі темір жол саласын жаңғыртудың міндеттерін айқындады

Биыл темір жол тасымалын, көліктік машина жасауды дамыту мен жаңғыртуды, салаға инновация енгізуді жалғастыру қажет, деді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов, темір жол көлігінің 2012 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2013 жылға арналған басым міндеттері туралы өткен мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі темір жол саласын жаңғыртудың міндеттерін айқындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биыл темір жол тасымалын, көліктік машина жасауды дамыту мен жаңғыртуды, салаға инновация енгізуді жалғастыру қажет, деді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов, темір жол көлігінің 2012 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2013 жылға арналған басым міндеттері туралы өткен мәжілісте сөйлеген сөзінде.

"Үстіміздегі жылы ұлттық темір жол жүк тасымалын және инфрақұрылымдық қызмет көрсететін компаниялар құру жұмысын аяқтауымыз қажет. Бұл жұмысты біз бастап та қойғанбыз, енді белсенді түрде жалғастыру қажет", - деді С. Ахметов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы жолаушы тасымалын субсидиялау мәселесін реттеуді және аталған секторды инфрақұрылым қызметіне дейін реттеуді қысқартуды тапсырды.

С.Ахметовтің сөзіне қарағанда, саланы дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестікті (МЖС) қолдану, сондай-ақ инфрақұрылымдық нысандарды жүзеге асыру үшін зейнетақы қорларын тарту мүмкіндігін қарастыру қажет.

"Шекаралық көлік-логистикалық орталықтарын дамыту да маңызды, олардың ішінде анағұрлым маңыздылары "Қорғас", "Достық" шығыс қақпалары және "Ақтау теңіз порты" батыс қақпасы, сондай-ақ ел аумағында ғана емес, одан тысқары жерлерде де терминалдық-сервистік инфрақұрылымдарды ашу қажет", - деп атап айтты Премьер-Министр.

Интеграциялық құрылым жағдайында тариф белгілеу мәселесіне тоқталған Премьер-Министр, "Қазақстанның БЭК-ке және Дүниежүзілік Сауда ұйымына (ДСҰ) кіруімен байланысты тарифтерді бірегейлендіру нәтижесінде болуы мүмкін тәуекелдерге де назар аудару керек" деп санайтынын жеткізді.

"Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жағдайының (БЭК) алғашқы кезеңдерінде ел экономикасының алдынан түрлі сынақтар шығуы мүмкін. Оған дайын болуымыз қажет. Көпшілігі кері сауда сальдосына, тасымалдау көлеміне, экспорттық жеткізудің төмендеп кетуіне сілтеме жасайтын болады. Сонда да болса, біздің еліміз әлемдік экономикаға кіріккен және еркін сауда мен инвестицияға ашық, сондықтан да біздің жолымыз - біздің экономикамызды жаһандық дамыту ғана", - деп аяқтады сөзін С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны