19.06.2008, 10:19 1542

ҚР премьер-министрі ТМД-ға мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палатасының жетекшілерімен кездесті

ҚР премьер-министрі ТМД-ға мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палатасының жетекшілерімен кездесті

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев бастаған ТМД-ға мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Армения, Белоруссия, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, сондай-ақ Латвия өкілдері таяуда өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палатасының жетекшілері кеңесінің қорытындылары туралы мәлім етті", - деп көрсетілген баспасөз-баянында.

Кездесу барысында СӨП-ның құрылымы жалпы экономикалық кеңістікті нығайтуға бағытталған әріптестерді іздеу және шараларды алға апарушы бизнес өкілдерімен арадағы байланысты орнықтыратын тиімді құрал бола алатыны атап өтілді. Форумға қатысушылар бизнес үшін кадрлар дайындау және іскерлік ақпарат алмасу, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мен дамыту саласындағы өзара іс-қимыл үдерісін жандандыруға тоқталды, деп атап көрсетілген хабарламада.

К. Мәсімов ТМД-ға мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палатасы жетекшілері Кеңесінің жұмысын жоғары бағалады және СӨП құрылымы ТМД экономикалық интеграцияны дамытуда айтарлықтай рөл атқаруы мүмкін екенін атап өтті. "Бұл - біздің елдегі мәселелер үшін ортақ шешімдердің шешімін табуы мен талқылануы үшін тамаша алаң",- деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны