11.01.2013, 09:26 3275

ҚР премьер-министрі ҮИИДМБ жандандыру бойынша селекторлық мәжіліс өткізді

Мәжіліске орталық және жергілікті атқару органдарының, ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев есепті баяндама жасады.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының ҮИИДМБ жандандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР премьер-министрі Серік Ахметов селекторлық мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжіліске орталық және жергілікті атқару органдарының, ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев есепті баяндама жасады.

"Индустрияландыру картасы шеңберінде үш жылда 537 жоба іске қосылды. 1,4 трлн теңгенің өнімі өндірілді. 2010 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуі байқалды. Өнеркәсіп өндірісінде 2012 жылғы 11 ай ішінде физикалық көлем индексі 2011 жылғы осындай уақытпен салыстырғанда елдің 12 өңірінде өсті. Индустрияландыру картасы жобаларының экономикаға тиімділігі қазірдің өзінде сезілуде", - деді вице-премьер.

Сонымен қатар, И.Исекешев ҮИИДМБ жүзеге асыруда "назар аударатын көкейкесті мәселелер де бар" деді. "2010 жылы іске қосылған жобалардың жетеуі тоқтап тұр. Бұдан басқа, екінші жартыжылдықта тұсауы кесілген жобаларды іске қосу актілері әлі толық ұсынылған жоқ", - деп хабарлады И.Исекешев. Вице-премьер ҮИИДМБ жүзеге асыру қарқынын төмендетуге ықпал етеді деп санайтын бірнеше себептерді атады.

Мәжіліс барысында орталық және жергілікті атқару органдарының басшылары баяндама жасады.

Мәжіліс қорытындысын шығара келіп, Премьер-Министр атқару органдарын ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасын жүзеге асыру мәселелеріне "қажетте деңгейде назар аудармағаны және үйлестірудің әлсіздігі үшін" сынады.

"Бағдарламаны жүзеге асыру бүгінде орталықтан өңірлерге ауысуда. Өңірлер көп жағдайда отандық та, шетелдік те инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізбейді. Орта мерзімді перспективада жаңа технологиялар мен өндіріске көшуді қамтамасыз етіп, өңірлер экономикасының өсу резервін пайдалану жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет", - деп атап өтті С.Ахметов.

Мәжіліс қорытындысында Үкімет басшысы уәкілетті органдарға ҮИИДМБ-да жоспарланған мақсатты индикаторлардың орындалуына қатаң мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ ҮИИДМБ жүзеге асырудың 2013-2014 жылдарға арналған шараларының жан-жақты жоспарын әзірлеуді тапсырды.

"Ирбір проблемалық жобалар бойынша Жобаларды жобалық қуатына шығарудың жоспарлары бекітілді. Оны орындауды қатаң бақылауға алу қажет. Жобаларды жүзеге асырудағы прагматикалық тәсілдеме жаңа реалилерді, оның ішінде БЭК-ке қатысу және ДСҰ-на кіруді есепке алғанда, тәуекелді барынша төмендетуі қажет. Президент тақаудағы екі жылда ҮИИДМБ-ның алғашқы бесжылдығын табысты аяқтауды тапсырды. Мемлекет басшысы тапсырған барлық тапсырмаларды біз толық көлемде орындап шығатын боламыз", - деді С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны