14.10.2016, 11:15 5308

ҚР Премьер-Министрі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысына қатысу үшін Ереванға аттанды

ҚР Премьер-Министрі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысына қатысу үшін Ереванға аттанды, деп хабарлайды Үкіметтіӊ ресми сайты.

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысына қатысу үшін Ереванға аттанды, деп хабарлайды Үкіметтіӊ ресми сайты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осы аптаныӊ соӊына дейін Мемлекет басшысыныӊ халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ, деп мәлімдеді Президенттіӊ Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, "Нұрсұлтан Назарбаев салқын тиіп, сырқаттануына байланысты емделуде. Жалпы, денсаулығына қатысты ешқандай алаӊдаушылық жоқ".

Айдос Үкібайдыӊ айтуынша, "Жұмыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы аптаныӊ соӊына дейін Мемлекет басшысыныӊ халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ. Еревандағы ҰҚШҰ отырысына Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі қатысады".

"Президенттіӊ жұмысы одан әрі әдеттегі кестеге сай жалғасатын болады",- делінген Ақорданыӊ Facebook парақшасында жарияланған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны